"Қазақстан тарихында" қате жіберген профессор өз кінәсін мойындады

0
3 434

Сегізінші сыныпқа арналған оқулықта Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты өрескел қателер кездеседі.


ERNUR.KZ. Сегізінші сыныптың "Қазақстан тарихы" оқулығында жіберілген барлық қателер түзеледі, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы Атырауда өткен дөңгелек үстел талқысында оқулық авторларының бірі, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, профессор Зиябек Қабылдинов айтты.
Айта кетсек, бұған дейін жергілікті басылымдарда Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты сегізінші сыныпқа арналған Қазақстан тарихына арналған оқулықта өрескел қателер жүргені туралы бірнеше мақала жарияланған болатын. Мысалы, оқулықта қазіргі Атырау облысының аумағында Махамбеттің жерленген орны мен уақытына қатысты қате мәліметтер келтірілген.
"Мен сегізінші сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы авторларының бірімін, сондықтан сіздердің ескертпелеріңізді ескеріп, алда оқулыққа барлық қажетті түзетулер енгізілетініне уәде беремін. 2007 жылы Л.Гумилев атындағы университетте проректор болып жұмыс істеп жүргенімде мені ҚР Білім және ғылым министрлігіне шақырып алып: "Сіз Қазақстан тарихының маманысыз, оқулықты жазыңыз!" деп айтты. Жұмысбастылығымды айттып, алдында бұл ұсыныстан бас тартқан едім, бірақ көп әңгімеден соң көнбеске амал болмады", - дейді профессор.
Сондай-ақ ол өзіне үш ай мерзім берілгенін, оқулық жазу үшін проректор қызметінен де кетіп, мұрағатта құжаттармен көп жұмыс істегенін де айтты.
"Аймақтың тарихын жақсы білмеймін, оны мойындаймын, ал оны ғылыми басылымдардағы деректерге сүйеніп жаздым", - деді Зиябек Қабылдинов.