Қазақстан Украинадағы жүк көліктерін қайтару үшін Польшадан көмек көрсетуді сұрады

0
398

​Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Украинада қалып қойған қазақстандық жүк көліктері мәселесі бойынша Польшадағы әріптестерімен келіссөз өткізді.


Қазақстан Украинадағы жүк көліктерін қайтару үшін Польшадан көмек көрсетуді сұрады

иллюстрациялық фото

Вице – министр Берік Камалиев пен Польша Республикасының инфрақұрылым және құрылыс министрі Анджей Адамчик телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тараптар Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қазіргі төтенше жағдайдың нәтижесінде жүк тасымалы саласында туындаған жағдайды талқылады.
Вице-министр Украинаның Беларусьпен, Ресеймен және басқа елдермен шекарасында тұрып қалған 56 жүк көлігі жүк көлігіне қатысты алаңдаушылық білдірді және кейбір көлік жүргізушілері Польша аумағына бағыт ұстайтынын айтты.
Осыған байланысты, вице-министр Польша министрінен көлік құралдарының одан әрі маршрут бойынша жүру және кейіннен Қазақстанға оралу үшін Польша аумағы арқылы оларға кедергі келтірмей өтуіне көмек көрсетуді сұрады.
Өз кезегінде инфрақұрылым және құрылыс министрі Анджей Адамчик автокөлік құралдарын кедергісіз өткізу мүмкіндігін қарастыруға келісті және толығырақ ақпарат жіберуді сұрады.