Қазақстанда 1-5 сынып оқушыларының сөмкесі нормативтен 2,5 есе ауыр

0
2 052

оқу кешендеріндегі гигиеналық норматив пен тамақтану стандарттарының сақталуына жасалған мониторинг барысында 1-5 сынып оқушыларында рюкзак салмағы бойынша нормативтің 2-2,5 есеге дейін асып кеткені анықталды, ал жеке шкафтармен бар болғаны 25,8% жабдықталған.


Қазақстанда 1-5 сынып оқушыларының сөмкесі нормативтен 2,5 есе ауыр

ERNUR.KZ. Қазақстанда 1-5 сынып оқушыларының сөмкесі нормативтен 2,5 есе ауыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен мектеп медицинасының проблемалық мәселелері бойынша онлайн-жұмыс конференциясы өтті.

Жиында ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті Балалар мен жасөспірімдер денсаулығын қорғау басқармасының бастығы Жанар Садуова қазіргі жағдай туралы баяндады.

Оның айтуынша, оқу кешендеріндегі гигиеналық норматив пен тамақтану стандарттарының сақталуына жасалған мониторинг барысында 1-5 сынып оқушыларында рюкзак салмағы бойынша нормативтің 2-2,5 есеге дейін асып кеткені анықталды, ал жеке шкафтармен бар болғаны 25,8% жабдықталған.

«Егер мектептегі денсаулық сақтау жүйесіне жиынтық талдау жүргізсек, онда өндірістік принцип бойынша сауықтырудың төмен екені байқалады. Яғни, тұрғылықты жері мен оқу орны арасында айырмашылық болған кезде емханалар арасындағы сабақтастық, медициналық ақпараттық жүйелерді енгізудің жеткіліксіз деңгейі және мектептердегі медициналық пункттер компьютерлер жетпегеннен зардап шегуде», – деп атап өтті Жанар Садуова.

Медициналық кабинеттерді жабдықтау стандартталды, BLS оқумен және «мектеп медицинасы» циклымен қамтылған, мектептегі медицина қызметкерлерінің санаттылығы артты, «мектеп оқушыларының тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар» әзірленді және медициналық ақпараттық жүйелерді мектептің денсаулық сақтау жүйесіне кезең-кезеңімен енгізу.

«Мектеп медицина қызметкерлерінің біліктілігін уақытылы арттыруды жоспарлау, оқушыларды профилактикалық тексеру жағын дамытуға болады. Сондай-ақ, меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдарды жасақтауды, мемлекеттік медициналық ұйымдарды «Мектеп медицинасы» сертификаты бар дәрігерлермен қамтамасыз ету қажет», - деді Садуова.

Іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласының мектеп медицинасы үйлестірушісінің және Медициналық сақтандыру қорының талдау және болжамдау департаменті өкілінің баяндамалары тыңдалды.

Вице-министр А.Ғиният жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып, жергілікті денсаулық сақтау басқармаларына, құрылымдық бөлімшелер мен министрлікке қарасты медициналық ұйымдарға проблемалық мәселелерді шешу үшін тиісті тапсырмалар берді.