Қазақстанда 1 мамырдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

0
697

Ипотека тек моноқалалар емес, Қазақстанның барлық елді мекендеріне есептеледі.


Қазақстанда 1 мамырдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

ERNUR.KZ. Елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама мамырдың басында іске қосылмақ, деп жазады stan.kz.

Отбасы банкі жаңа ипотекалық бағдарлама басталатынын мәлімдегенімен, әзірге бағдарламаның нақты шарттары айтылмады. Белгілісі – әлеуметтік осал санаттар, яғни көпбалалы отбасылар, жетімдер мен ерекше қажеттілігі барларға 7%, ал қалғандарына – 9%.

Алматы мен Астанада несиенің ең жоғары сомасы – 30 миллион теңге. Қалған аймақтарда – 18 миллион.

Астана, Алматы, Шымкент және 17 қалада жаңа үйді алуға рұқсат. 17 қаланың ішінде Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Қонаев, Павлодар, Петропавл, Семей, Жезқазған, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен бар.

Қалған елді мекендерде жаңа үйді де, қайталама нарықтағы пәтерді де, жер үй де алуға болады.

Ипотека тек моноқалалар емес, Қазақстанның барлық елді мекендеріне есептеледі.

Еске салайық, 15 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында үкіметке ауылдар мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін жаңа қолжетімді ипотеканы әзірлеуді тапсырған еді.

18 наурызда премьер-министр Олжас Бектенов жаңа ипотеканы жариялады:

Оған 300 миллиард теңге бөлінеді. Бірінші жылы 12 мың отбасы несие ала алады. Ипотека мерзімі әлі белгісіз.
Оған қатыса алатындар:

  • Жұмыс істейтін жастар;
  • Жас отбасылар;
  • Тұрғын үй төлемдерін алушылар;
  • "Отбасы банкінің" салымшылары;
  • Моноқалалардың, облыс орталықтарының, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің тұрғындары.