Қазақстанда 5 медициналық анықтама жойылады

0
1 165

Кез келген азаматқа мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген кезде медициналық анықтамалар автоматты түрде (азаматтың өзінің рұқсатымен) ресімделетін болады.


Қазақстанда 5 медициналық анықтама жойылады

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру аясында 5 медициналық анықтама автоматты түрде рәсімделетін болады, деп жазады Елорда Инфо.

Министрлік келесідей медициналық анықтамалардың берілуін тоқтатты:
- алдын ала міндетті медициналық тексеруден өткені туралы анықтама;
- көлік құралын жүргізуге рұқсат беру туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан берілетін анықтама;
- наркологиялық ұйымнан берілетін анықтама;
- туберкулезге қарсы ұйымнан берілетін анықтама.
«Қосымша анықтамалар болмайды! Кез келген азаматқа мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген кезде медициналық анықтамалар автоматты түрде (азаматтың өзінің рұқсатымен) ресімделетін болады!», - делінген хабарлама мәтінінде.
Ал келесі қызметтер толығымен электронды форматқа көшіріледі:
- Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру;
- Стационарлық науқастың медициналық картасын беру;
- Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру;
- Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысуы туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударылған аударымдар және (немесе) жарналар сомалары туралы ақпарат беру;
- Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, сапасы және тиімділігі туралы қорытынды беру.
Көрсетілген қызметтердің барлығы жақын арада электрондық үкімет сайтында қолжетімді болады.