​Қазақстанда 5 мың адам бостандыққа шығуы мүмкін

0
1 116

Алқа отырысы барысында бас прокурор ведомствоның қылмыстық саясатты гуманизациялауға бағытталған заң жобасы жасалғанын мәлімдеді.


​Қазақстанда 5 мың адам бостандыққа шығуы мүмкін

ERNUR.KZ.Бас прокуратурада Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша алқа отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алқа отырысы барысында бас прокурор ведомствоның қылмыстық саясатты гуманизациялауға бағытталған заң жобасы жасалғанын мәлімдеді.

"Қоғамдық жұмыстар, 260 қылмыс құрамы бойынша бостандықты шектеу енгізіліп жатыр. Айыппұл сомасы төмендеп, 36 құрам бойынша бостандықтан айыру мерзімі азайып жатыр, ауыр қылмыстар бойынша жауапқа тарту мерзімі 5 жылға қысқарды. Бұл сотталған бес мың адамды босатуға жол береді. Заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Заңдылықты нығайту бойынша жұмыс жалғасады", - деді Қожамжаров.

Бас прокурор ұсталғандар мен қамауға алынғандардың азайып жатқаны бақыланып отырғанын хабарлады.