Қазақстанда ақбөкендерді атуға қайта тыйым салынды

0
250

10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеу тоқтатылған.


Қазақстанда ақбөкендерді атуға қайта тыйым салынды

ERNUR.KZ. 12 ақпанда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәжіліс алаңында 10 ақпаннан бастап Қазақстанда киіктің популяциясын реттеу тоқтатылғанын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда киіктердің санын реттеу тоқтатылғанын айтты.

"Отандық ғалымдармен, халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталастан кейін киіктерді ату тоқтатылды.Сонымен қатар, қыс мезгілі болғандықтан далада көшіп-қону қиынға соғады.Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеуді тоқтаттық", - деді Ерлан Нысанбаев.

Министр Қазақстанда реликттік бөкен популяциясының жаңадан көбеюі күтілетінін түсіндірді.

"Былтырғы киік төлінің санын ескере отырып, биыл мамыр айында мұқият егжей-тегжейлі санақ жүргізіледі. Болжам бойынша, 40 пайызға өсті деп айта аламын. Жалпы, төлдеу кезінде, есепке алсақ. Былтырғы киік төлі бойынша популяция шамамен 2,5 – 2,6 миллион бас болады. Сонымен қатар, киік төлі бойынша пессимистік болжамды алсақ та – бұл 30 пайызды құраса, тағы да плюс шамамен 700 – 750 мың бас болады деп күтеміз", - деді Ерлан Нысанбаев.

Сондай-ақ Ерлан Нысанбаев келесі жылы бөкендердің санын реттеуді қайта бастауға болатынын айтты.