Қазақстанда аспаннан жұмбақ жарқыраған нысандар байқалды

0
491

Жарқыраған шарлардың фото және видеоларын оқырмандар бірден екі қаладан – Алматы және Атыраудан жіберген.


Қазақстанда аспаннан жұмбақ жарқыраған нысандар байқалды

ERNUR.KZ. Қазақстанда аспаннан жұмбақ жарқыраған нысандар байқалды, деп жазады tengrinews.kz.

Жарқыраған шарлардың фото және видеоларын оқырмандар бірден екі қаладан – Алматы және Атыраудан жіберген.

Атырау тұрғыны Аман Наурзғалиев ерекше құбылысты видеоға түсіріп алғанын айтып берді.

"1 наурызда кешкі сағат 21:11 шамасында балконға шықанымда, аспандағы екі шарды байқадым, басқа ештеңе жоқ. "Мүмкін, жұлдыздар ма?!" деп ойладым. Бірақ бұл екі нысан қозғалып бара жатты, сосын түсіріп алдуы ұйғардым. Нәтижесінде нысандар сәл төмен түсіп, кейін мүлдем жоғалып кетті", - дейді Аман Наурзғалиев.

Екінші оқырман – Алматы тұрғыны белгісіз ұшатын нысандарды суретке түсіріп алған.

"Олар аспанда, Алматының оңтүстік-батысында пайда болды. Бір-біріне жақындап, қосылып, кейін алыстап кетті", - дейді алматылық.

Айта кететін жайт, аспандағы жұмбақ жарқыраған шарлар көршілес Қырғызстанда да байқалған. Бішкек тұрғындары белгісіз себептермен ерекше жарқыраған Венера мен Юпитерді көрдік деп болжаған.

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын түнгі аспандағы ең жарық үш нысан - Ай, Венера және Юпитер - сәрсенбі, 22 ақпанда таңертең аспанда кездескені хабарланған болатын.