Қазақстанда ауа райына байланысты бірқатар тасжол жабылды

0
730

Төтенше оқиғаға тап болған жүргізушілер 1403 нөміріне байланыса алады.


Қазақстанда ауа райына байланысты бірқатар тасжол жабылды

ERNUR.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар 4 тасжолда қозғалыс шектелді, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемен-Риддер-РФ шекарасы тасжолының 15-105 шақырымы аралығында (Белоусовка-Риддер) тіркемесі бар және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне қозғалыс шектелген. Өскемен- Шемонаиха - РФ шекарасы тасжолының 15-105 шақырымы аралығында (Глубокое-Шемонаиха) тіркемесі бар және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне жолда жүруге тыйым салынды. Семей-Қайнар тасжолының 8-144 шақырымы аралығында (Семей-Саржал), Өскемен- Шемонаиха - РФ шекарасы тасжолының 105-123 шақырымы аралығында (Шемонаиха- РФ шекарасы) жол жабылды.

Ведомствоның ақпараты бойынша, республикалық маңызы бар тасжолдарда 773 техника жұмыс істеп жатыр.

Төтенше оқиғаға тап болған жүргізушілер 1403 нөміріне байланыса алады.

Еске салайық, синоптиктердің болжауынша бүгін Қазақстанда қар жауып, бірқатар өңірде боран және көктайғақ болады.