Қазақстанда Азаматтық авиация күні пайда болуы мүмкін

0
593

Атап айтқанда, қаулы жобасында 1 ақпанды Азаматтық авиация күнін бекіту ұсынылады.


Қазақстанда Азаматтық авиация күні пайда болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда 1 ақпанда атап өтілетін Азаматтық авиация күні пайда болуы мүмкін. "Ашық НҚА" ресми порталында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қаулы жобасы жарияланды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Атап айтқанда, қаулы жобасында 1 ақпанды Азаматтық авиация күнін бекіту ұсынылады.

Түсіндірмеге сәйкес, ресми мерекені бекіту туралы ұсынысты Азаматтық авиация еңбек ардагерлерінің біріккен кеңесі өкілдері енгізген.

Қаулы жобасы 2023 жылғы 11 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін веб-сайтта жарияланған.