Қазақстанда байларға салық қашан енгізілетіні белгілі болды

0
539

Ұлттық экономика министрі жоспарға сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан басталатынын айтты.


Қазақстанда байларға салық қашан енгізілетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстанда байларға салық қашан енгізілетіні белгілі болды, деп жазады baq.kz.

Байлық салығына қатысты заң жобасын қашан қабылдайсыздар? – деп сұрады журналист министрден.

"Келесі жылы заң жобасы бойынша негізгі жұмысымыз басталады. Әсіресе, бірінші жартыжылдықта. Осы уақытта ортақ шешімге келеміз", - деп айтты Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Әлібек Қуантыров 2024 жылға дейін қабылдануы мүмкін екенін айтады.

"Біздің жоспарымызға сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексін күшіне енеді. Егер қосымша уақыт керек болса, біз оны қарастырамыз", - деп жауап берді ол.

Ұлттық экономика министрі жоспарға сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан басталатынын айтты.