Қазақстанда бала асырап алушыларға жас шектеуі енгізілмек

0
577

Бүгінде 116 ұйымда 3 509 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тәрбиеленіп жатыр.


Қазақстанда бала асырап алушыларға жас шектеуі енгізілмек

ERNUR.KZ. ҚР парламенті мәжілісінде білім беру және балаларды қорғау мәселелері бойынша түзетулер ұсынылды. Оған сай "баланы қабылдайтын кәсіби отбасы институтын" енгізу және осы мекеме аясында асырап алушының жасын шектеу ұсынылды, деп жазады zakon.kz.

"Кейбір заңнамалық актілерге білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын депутаттарға ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан таныстырды.

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты – Қазақстанның мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ құқықтық олқылықтарды, қайшылықтарды жою.

Заң жобасымен мынадай негізгі новеллалар ұсынылады:

  • "баланы қабылдайтын кәсіби отбасы" институтын енгізу;
  • балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары үшін хабарлама тәртібін енгізу;
  • меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде балалардың жекелеген санаттарының қолдау алу құқықтарын қорғау (жалпыға бірдей білім беру қоры);
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқытуды енгізу.

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері санын қысқарту тәжірибесін жалғастыру туралы мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде Заң жобасымен баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар институтын енгізу туралы түзетулер әзірленді. Анықтама үшін: бүгінде республикада 22 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Жүргізілген саясаттың нәтижесінде 12 жылда балалар үйінің тәрбиеленушілерінің саны 4 есеге төмендеп, балалар үйлерінің саны 2,5 есе азайды. Бүгінде 116 ұйымда 3 509 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тәрбиеленіп жатыр.

Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар институтын енгізу кезінде мынадай жаңа тәсілдер әзірленді:

  1. балалар анықталғаннан кейін балалар үйлеріне емес, бірден отбасыларға табысталады;
  2. әр бала ата-аналардың назарымен және қамқорлығымен қамтылуы үшін бір кәсіби отбасындағы балалар саны 4 баладан арттырылмайды.
  3. асырап алушы ата-аналардың жастары 30-дан 53 жасқа дейінгі аралықта болады;
  4. баланы қабылдайтын кәсіби отбасы мәртебесін алуға үміткер отбасылар психологиялық даярлықтан және қорғаншылық және қамқоршылық органдарында аккредиттеуден өтеді.
"Сонымен қатар отбасыларға жіберілетін балалар санаты кеңейтілді. Енді отбасыларға жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен қатар, панасыз, қараусыз қалған, арнаулы әлеуметтік қолдауға мұқтаж балалар да орналастырылады. Материалдық ынталандыру үшін әр жетім баланы асырап-бағуға 10 АЕК мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақы және балалардың отбасында болу мерзіміне байланысты әр кәсіби тәрбиешінің қызметіне – 70 АЕК ақы төлеу көзделеді", - деді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.