Қазақстанда Bed tax туристік салығы жойылды

0
419

Бұған қоса ол министрлік сыныбымен лагерге баратын балалар үшін ұшақ билетін тегін етуді ұсынып отырғанын айтты.


Қазақстанда Bed tax туристік салығы жойылды

ERNUR.KZ. Bed tax туристік салығын алып тастау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев айтты, деп жазады inform.kz.

«Біз Bed tax салығын жою шешімін қабылдадық. Ол отандық бизнес үшін де, келуші шетелдік туристер үшін де белгілі бір қолайсыздықтар туғызады», - деді Ержан Еркінбаев.

Вице-министр атап өткендей, ел бойынша осы туристік алым енгізілген сәттен бастап 500 млн теңге жиналған.

«Bed tax-тың идеясы дұрыс болған. Оның минусы – ақша жергілікті бюджетте қалды. Олар орталық бір қорға түссе, онда оның пайдасы біздің еліміздің туризм әлеуетін жарнамалауға жұмсауға болатын еді», - деп түсіндірді Ержан Еркінбаев.

Бұған қоса ол министрлік сыныбымен лагерге баратын балалар үшін ұшақ билетін тегін етуді ұсынып отырғанын айтты.