Қазақстанда бензин мен дизельдің жаңа шекті бағасы белгіленбек

0
388

Қазір жазғы дизель отынының шекті бағасы шетелдіктер үшін 450 теңге, қазақстандықтар үшін 295 теңге.


Қазақстанда бензин мен дизельдің жаңа шекті бағасы белгіленбек

ERNUR.KZ. Қазақстан бензин мен дизельдің жаңа бағасын белгілеуді жоспарлап отыр, деп жазады tengrinews.kz.

"Ашық НҚА" порталында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің бұйрық жобасы жарияланды. Ол 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Бұйырық жобасында, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылған:

  • Аи-80 маркалы бензин – 1 литріне 89 теңге;
  • Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литріне 205 теңге;
  • дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литріне 295 теңге.
"Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазір жазғы дизель отынының шекті бағасы шетелдіктер үшін 450 теңге, қазақстандықтар үшін 295 теңге.