Қазақстанда "COVID-сіз саяхат" қосымшасы іске қосылды

0
380

Бұл жобаны екі ведомство бірлесіп әзірлеген.


Қазақстанда

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда «COVID-сіз саяхат» қосымшасы іске қосылғанын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бұл жобаны Цифрлық даму және денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп әзірлеген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Еске салайық, Қазақстанда қоғамдық орындарға баратын адамдарды тіркеуге арналған Ashyq қосымшасы жұмыс істейді. Нысанға кірмес бұрын пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді де, оны кіреберісте тұрған әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Ал азаматтардың статусы денсаулық сақтау министрлігіндегі мәліметтер базасымен салыстырғаннан кейін белгілі болады.