Қазақстанда депозиттерге түсетін өтемақыны бүгіннен бастап алуға болады

0
500

Салымшылар 24 ақпаннан бастап, өз депозитінен ішінара немесе толығымен ақша алуға құқылы.


Қазақстанда депозиттерге түсетін өтемақыны бүгіннен бастап алуға болады

ERNUR.KZ. Депозиттерге түсетін өтемақы алу үшін 2 623 010 қазақстандықтан өтініш түскен деп жазады stan.kz.

"Салымшылар 24 ақпаннан бастап, өз депозитінен ішінара немесе толығымен ақша алуға құқылы. Бұл ретте өтемақысы жойылмайды. Сыйлықақы салым бойынша банк төлейтін сыйақы мөлшерлемесінен бөлек есептеледі. Сондықтан салымнан жартылай немесе толық көлемде ақша алар кезде банк шартының талаптарына назар аударған жөн. Онда салымнан мерзімінен бұрын ақша алуға байланысты сыйақының бір бөлігі жойылатындығы айтылуы мүмкін", - делінген Қазақстанның депозиттеріне кепілдік беру қоры хабарламасында.

Айта кетейік, 10% мөлшерінде өтемақы төлеуді көздейтін, теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы жинақ, мерзімді, мерзімсіз, білім беру жинақтау салымдарына және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесіндегі жинақ қаражаттарға қолданылды. Бағдарлама 2023 жылы 23 ақпанда аяқталды.