Қазақстанда екінші деңгейлі тоғыз банк таратылады

0
434

Құжат 26 шілдеге дейін көпшілік алдында қаралады.


Қазақстанда екінші деңгейлі тоғыз банк таратылады

ERNUR.KZ. Қазақстанда екінші деңгейлі тоғыз банк таратылады. Мұндай деректерді "Ашық НҚА" порталы келтіреді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" құжатта қамтылған мәліметтер бойынша екінші деңгейлі 21 банктің тоғызы таратылады.

Құжатты талқылау 26 шілдеге дейін жалғасады.

"Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында екінші деңгейдегі 21 банк жұмыс істейді. Бұл ретте тарату процесінде 9 банк бар. 2022 жылдың басынан бастап агенттік (ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі – Ашық НҚА.) екінші деңгейлі банктің басшы қызметкері лауазымына 13 кандидатты қоюдан бас тартты. Бағалы қағаздар нарығында 49 субъект жұмыс істейді, бұл ретте 2022 жылдың басынан бастап Агенттік басшы қызметкер лауазымына 10 кандидатты келісуден бас тартты", – делінген хабарламада.