Қазақстанда емшілік дәстүрлі медицинамен теңестіріледі – Министрлік ақпаратқа түсінік берді

0
436

Алматылық дәрігер денсаулық сақтау министрлігінің емшілікті медицина деп тануды жоспарлап отырғанын дәлелдейтінін құжаттың скриншотын жариялап, жобаны тоқтатуды талап етті.


Қазақстанда емшілік дәстүрлі медицинамен теңестіріледі – Министрлік ақпаратқа түсінік берді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде денсаулық сақтау министрлігі емшілікті медицина деп тануды жоспарлап отырғанын дәлелдейді делінген құжаттың скриншоты тарады, деп жазады stan.kz.

Faceook желісінде алматылық дәрігер Елена Хегай денсаулық сақтау министрлігінің емшілікті медицина деп тануды жоспарлап отырғанын дәлелдейтінін құжаттың скриншотын жариялап, жобаны тоқтатуды талап етті.

“Шынымды айтсам, бұны мен жалған деп үміттенген едім. Бүгін мен "құжатпен" егжей-тегжейлі таныстым. Мен балағат сөздер айтқанды ұнатпаймын, тек таңғалдым деп айтайын. Танысыңыздар: Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәстүрлі медицина. Емшілік" жобасы.

Бұл стандарт бойынша ресми түрде емшілер мен баламалы медицина өкілдері медициналық қоғамдастықтың толыққанды мүшелері ретінде танылады және жеке "мамандық" болады. Денсаулық сақтау министрілігі, түсіндіріңіздерші, елімізде дәлелді медицинаны енгізумен біз нені шешпекпіз? Осы "стандартты" әзірлеумен айналысқандардың, тиісті клиникалық практика мен ғылым принциптерінен алыс екенін көруге болады. Емдеу, яғни шарлатанизмді "медициналық тәжірибемен" қалай теңестіруге болады?”, – деп жазды ол.

Маманның айтуынша, гирудотерапия, апитерапия, биоэнерготерапия, гомеопатия сияқты ғылымдардың әлемнің ешбір жерінде медицинамен байланысы жоқ.

“Гомеопатия мүлде жалған ғылым ретінде танылған. Сонда ол біздің елімізде көмектің жаңа "стандарты" бола ма? Бұларыңыз ақылға қона ма? Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, бұл стандарт - бүкіл медициналық және ғылыми қоғамдастықтың алдына түкірумен тең. Бұны тоқтатыңыздар. Біздің елде Еуропалық МСАК орталығы, ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросы, ДДҰ елдік кеңсесі бар. Біз ең жақсылардан үйренудің орнына, шарлатанизм мен қараңғылыққа жол береміз бе? Біздің халық ақшамен қоса денсаулығын жоғалтуы керек пе? “, – дейді маман.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, таралған скриншот 2019-2021 жылдары Дүниежүзілік банк жобасы аясында әзірленген "Дәстүрлі медицина. Емшілік" кәсіби стандартының жобалық алғашқы түрінен жасалған. Қазіргі уақытта құжат талқылану үстінде. Жоба бекітілген соң Ашық НҚА порталына орналастырылады.

Аталған жоба 50-ден астам мамандыққа арналған кәсіби стандартты қамтиды.

“Емшілерді дәрігерлермен және дәлелді медицинамен теңестіру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жоба олардың жауапкершілігін қалыптастыруға және стандарттарға сәйкес келтіруге бағытталған. Сонымен қатар 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінде "Дәстүрлі медицина. Емшілік" бөлімі бар, онда келесі нормалар бекітілген:

1. Дәстүрлі медицина – халық медицинасының көпғасырлық дәстүрлеріне негізделген және медициналық қолдануға рұқсат етілген, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және оңалтудың кодификацияланған әдістерінің жиынтығы.

2. Медициналық білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиясы бар адамдардың дәстүрлі медицина саласындағы қызметке құқығы бар.

3. Емшілік – емшілік құралдар, тәсілдер, дағдылар туралы эмпирикалық мәліметтердің жиынтығы және денсаулыққа әсер ету мақсатында оларды практикалық қолдану.

4. Екі және одан көп адамдарды тарта отырып, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, емшілік сеанстарын жүргізуге тыйым салынады.

5. Емшілік әдістерін қолдану кезінде адамның денсаулығына зиян келтірген адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады

Демек, Қазақстанда емшілік медицинамен теңестірілмейді. Елімізде адамдарға зиян келтірмеу үшін емшілер сәйкес болуға тиіс белгілі бір нормалар әзірленіп жатыр”, – деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметінің өкілдері.