Қазақстанда "Камызякидің" концерттері өтпейтін болды

0
531

Бұл жөнінде шараны ұйымдастырушылар мәлім етті.


Қазақстанда

ERNUR.KZ. "Камызяки" командасының Алматы мен Астана қалаларында қазан айының басына жоспарланған концерттері өтпейтін болды, деп жазады zakon.kz.

Бұл жөнінде шараны ұйымдастырушылар мәлім етті.
"Камызяки" тобының әртістерінің қоғамдық әрекеттерін қоғамның жағымсыз қабылдауын ескере отырып, ұйымдастырушылар тобы "Камызяки" командасының концерттік турын бүкіл Қазақстан бойынша тоқтату туралы шешім қабылдады", – делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар билеттерді қайтару мәселесі бойынша билет сатқан операторларға жүгінуді сұрады.

"Камызяки" командасы 7 және 8 қазанда Астанада, 5 қазанда Алматыда өнер көрсетпек болған.