Қазақстанда кейбір жылу қазандықтарын жөндеу қазан айының соңында бітеді

0
708

Бүгінде 5 энергоблок, 23 қазандық және 20 турбинада жұмыс істелсе, бұл ретте 4 энергоблок, 17 қазандық және 13 турбинаны жөндеу аяқталды.


Қазақстанда кейбір жылу қазандықтарын жөндеу қазан айының соңында бітеді

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында алдағы жылыту мауысымына дайындық барысы туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты, деп жазады zakon.kz.

Министр бекітілген кестеге сәйкес электр стансаларында 10 энергоблок, 49 қазандық және 54 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланғанын баяндады. Бүгінде 5 энергоблок, 23 қазандық және 20 турбинада жұмыс істелсе, бұл ретте 4 энергоблок, 17 қазандық және 13 турбинаны жөндеу аяқталды.

Сонымен қатар жалпы ұзындығы шамамен 25,3 мың шақырымды құрайтын электр желілерін, 567 қосалқы стансаны, сондай-ақ 3,5 мың тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы стансаларды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

"Бүгінде 22,7 мың шақырым электр желілері, 514 қосалқы станса, 3 466 тарату пункті мен трансформаторлар бойынша жұмыстар аяқталды. Риддер ЖЭО-да мердігерлік ұйымдар 6 қазандықтың барлығында жөндеу жұмыстары жүргізуде. №2 және №3 қазандықтар қыркүйек айының соңында пайдалануға беріледі", - деді Энергетика министрі.

Екібастұз ЖЭО-ның сенімді жұмысын қамтамасыз ету шеңберінде алдағы жылыту маусымында 10 қазандықты жөндеу көзделген. Сонымен қатар "ОАЭК" акционерлік қоғамының есебінен қосалқы жабдықтар, ғимараттар мен құрылыстар жөнделеді.

"Сонымен қатар "АрселорМиттал Теміртау" АҚ 2-ЖЭО-ның дайындығы бақылауда. Мұндағы №4 қазандықты жөндеуді аяқтау мерзімі қазан айының соңына дейін ұзартылады".Жандос Нұрмағанбетов