Қазақстанда кино билеттері ТМД бойынша ең қымбат болып шықты

0
543

Елімізде билеттің орташа құны – шамамен 6 доллар.


Қазақстанда кино билеттері ТМД бойынша ең қымбат болып шықты

ERNUR.KZ. Қазақстан кино билетінің бағасы бойынша әлемдік тізімде 31-орында тұр. Елімізде орташа билет құны 6 доллар, деп жазады stan.kz.

Елімізде билеттің орташа құны – шамамен 6 доллар, яғни 2,5 мың теңге. Сонымен қатар бір жыл ішінде кинотеатрлар қызметі 14%-ға қымбаттады. Ең көп өсім Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Абай облыстарында байқалады. Ал Түркістандағы ең қымбат кинотеатр қызметі – 2700 теңге. Қарағандыда 1400 теңге.

Еліміз кино қызметінің құны бойынша әлемде 31-орында. Ресей, Өзбекстан және Әзірбайжанда салыстырмалы түрде билет әлдеқайда арзан. Ең төмен бағалар Иран мен Шри-Ланкада. Ең жоғарылары Швейцарияда, Данияда және Біріккен Араб Әмірліктерінде.