Қазақстанда кинотеатрлар мен фитнес орталықтар жұмысы қайта жанданады

0
390

Спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады, бірақ көрерменсіз өтеді.


Қазақстанда кинотеатрлар мен фитнес орталықтар жұмысы қайта жанданады

Ведомствоаралық комиссия бірқатар мекемелердің жұмысын жандандырып, блокпостарды ашу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Соған сәйкес, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап аймақаралық блокпостар ашылады, Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарына теміржол тасымалы қатынайды, сонымен қатар жолаушылар тасымалдайтын аймақаралық автобустардың жұмысы жанданады.

Жолаушыларды тасымалдау бекітілген санитарлық талаптарға сай жүзеге асады.

Фитнес және СПА орталықтары жұмысын бастайды. Спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады, бірақ көрерменсіз өтеді. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері, қосымша білім беру ұйымдары (бір топта 15 адамнан көп емес) және ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың жұмысы жанданады.

15 маусымнан бастап кинотеатрлар көрермендерге есігін айқара ашады. Бірақ санитарлық талаптардың сақталуы міндеттеледі.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет