Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 134 адам қайтыс болды

0
697

Індет жұқтырған 1704 адамның жағдайы ауыр.


Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 134 адам қайтыс болды

30 тамызда, елімізде коронавирус пен пневмониядан 134 адам көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ресми дерекке сәйкес, оның 92-і КВИ-ден, 36-сы пневмониядан қайтқан.

1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 110 420 адам коронавирус инфекциясынан (–103 553+ және 6 867 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 23 744 пациент стационарда, 86 676 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 704 адамның жағдайы ауыр,
  • 493 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 241 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.