Қазақстанда коронавирустан тағы 3 адам қайтыс болды

0
499

Еліміз бойынша барлығы 61 адам қайтыс болды.


Қазақстанда коронавирустан тағы 3 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте коронавирус індетінен 3 науқас көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы - 1962 және 1948 жылы дүниеге келген ер адамдар,
Павлодар облысы - 1962 жылы туған ер адам.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 61 адам қайтыс болды.