Қазақстанда "көшеде жылап тұратын бала" туралы қорқынышты хабарлама тарап жатыр

0
399

WhatsApp мессенджерінде қыздар мен әйелдерге ескерту жазылған хабарлама тарады.


Қазақстанда

ERNUR.KZ. Мәтінде далада қолына мекенжай жазылған қағаз ұстап, жылап тұратын бала туралы айтылған. Олар жалғызбасты қыздар мен әйелдерден үйге жеткізіп салуын сұрайды, ал шын мәнінде оларды қылмыскерлер ұясына апаратыны айтылған, деп жазады tengrinews.kz.

"Көшеде жылап тұрған балалардың қыздарды қаскүнемдерге ертіп апаратыны туралы хабарламалар алғаш рет Желінің ағылшын тілді сегментінде 2005 жылдың басында, яғни 18 жылдан аса уақыт бұрын шыққан. Ол кезде мәтін SMS-хабарлама түрінде тараған. 2010 жылғы ақпарат қазіргі хабарламаға ұқсайды, бірақ ол әртүрлі тілдерде тарады. Онда мекенжай жазылған қағаз ұстап тұрған бала көрсеңіз, оны тікелей полицияға апару керек екені туралы айтылады", - делінген хабарламада.

2015 жылы хабарлама Ресей мен Қазақстанға жетті. Екі елдің Ішкі істер министрліктері ақпараттың фейк екенін және мұндай жағдайлар еш жерде тіркелмегенін хабарлады.

2017 және 2021 жылдары хабарламаны ресейлік пайдаланушылар қайта тарата бастаған. Оны ІІМ тағы да теріске шығарып, бұл оқиға интернеттегі қорқынышты әңгіме деп мәлімдеді.

Портал мәліметінше, тараған ақпаратқа сенудің қажеті жоқ.