Қазақстанда құрылыс компанияларын үйлердің аулаларын абаттандыруға міндеттейді

0
384

Құрылысты ұйымдастыру ережелері өзгертілді.


Қазақстанда құрылыс компанияларын үйлердің аулаларын абаттандыруға міндеттейді

ERNUR.KZ. Қазақстанда құрылыс ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді нысандарды падалануға беру талаптарының бірі ретінде абаттандыру мен көгалдандыру енгізілді, деп жазады sputnik.kz.

"Енгізілген түзетулер бойынша бекітілген жобаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалған, нысанды инженерлік-коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылған, соынмен қатар нысанның құрылысына бөлінген аумақта абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілген нысандардың (кешендердің) жай-күйі ғана нысандардың (кешендердің) толық дайындығын білдіреді", - делінген хабарламада.

Ведомстводағылар көгалдандыру қоршаған ортаның экологиялық жағдайын, учаскенің сыртқы келбетін жақсартатынын, сонымен қатар үй тұрғындарының көңіл-күйіне жақсы әсер ететінін және эстетикалық құндылыққа ие екенін хабарлады.

"Нысандарды пайдалануға беру талаптарының бірі ретінде нысан құрылысына бөлінген аумақты абаттандыру үйдің тұрғындарын жайлылық беріп, атмосферадағы оттегінің мөлшерін арттыруға, жел мен шаңды ұстап тұруға айтарлықтай ықпал етеді, үй маңындағы іргелес кеңістікті шулы және шаңды жолдар мен өндірістерден ажыратуға, ауланың сыртқы келбетін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанда баспана сатып алу бойынша алдын ала келісімдерге тыйым салынуы мүмкін екені хабарланды. Үлескерлерден заңсыз қаражат тартылғаны үшін айыппұлдар да өседі және жазалау шарасы құрылысты одан әрі тоқтатуға дейін барады.