Қазақстанда мектеп оқушыларының күзгі каникулы жоспарға сәйкес басталады

0
785

Қазақстанда әртүрлі мессенджерде оқушылар каникулға ерте шығатыны жайлы мәлімет тараған болатын.


Қазақстанда мектеп оқушыларының күзгі каникулы жоспарға сәйкес басталады

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда мектеп оқушыларының күзгі каникулы жоспарға сәйкес басталатынын жария етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Айта кетсек бұған дейін Ресей астанасы Мәскеуде мектеп оқушылары күзгі каникулға мерзімінен бұрын шығатыны хабарланған еді. Ізін ала әртүрлі мессенджерде ақпарат шығып, Қазақстанда да оқушылар каникулға ерте шығатыны жайлы мәлімет тараған болатын.

Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда мектеп оқушылары үшін күзгі каникулға жоспарға сәйкес шығатынын хабарлайды. Нақтырақ айтқанда оқушылар күзгі каникулда - 5-14 қараша аралығында демалады.