Қазақстанда мектеп оқушыларының оқу аптасы ұзартылуы мүмкін

0
540

"Премьер-министріміз осы бастаманы қолдап, BINOM мектептерінде пилотты түрде енгізуді тапсырды"


Қазақстанда мектеп оқушыларының оқу аптасы ұзартылуы мүмкін

Қазақстанда мектеп оқушыларының оқу аптасын 34 аптадан 38 аптаға ұзарту ұсынылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстандық кәсіпкер, BI-Group құрылыс холдингінің басшысы Айдын Рахимбаев өзінің BINOM мектептерінде пилоттық жобаны қолға алуды ұсынды.

"Еліміздегі білім деңгейі алдыңғы қатардағы мемлекеттерден неге төмен екендігін зерттеп көрдік. Оның бір себебі - оқу жылының ұзақтығы, мысалы, кәрістің баласы 42 апта оқыса, біздегілер тек 34 апта оқиды. Яғни қазақстандық он бірінші сыныптың оқушысының білім деңгейі кәрістің тоғызыншы сыныптағы баласымен тең.

Оған қоса, олар мектептен 70 қана күн, ал қазақтың балалары 120 күн демалатынын білдіреді. Бірақ американдық зерттеулер бойынша ұзақ уақыт демалған бала оқыған материалының төрттен бірін ұмытып қалады. Сондықтан біз Binom мектептерінде оқу жылын 38 аптаға дейін ұзартуды ұсындық. Сонымен қатар, мектепке дейінгі сыныптар да ашылмақ.
Біздің қуанышымызға орай, Премьер-министріміз осы бастаманы қолдап, Бином мектептерінде пилотты түрде енгізуді тапсырды. Шынында, еліміздегі білім деңгейін көтеруіміз қажет. Ата-аналар да бізді қолдайды деп үміттенеміз", - деп жазды Айдын Рахимбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.