Қазақстанда міндетті вакциналауды енгізу қажет – Мамин

0
382

​Мемлекет басшысы еңбек ұжымдарында, қызмет көрсету, білім беру саласында міндетті вакциналауды енгізу қажеттігін айтты.


Қазақстанда міндетті вакциналауды енгізу қажет – Мамин

ERNUR.KZ. Қазақстанда еңбек ұжымдарында, қызмет көрсету және білім беру саласында міндетті вакциналау енгізу қажет. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Бүгінде республикада 3,3 миллионға жуық адам бірінші компонент, шамамен 2 миллион адам екінші компонентті салдырды. Бірақ, Маминнің айтуынша, бұл жеткіліксіз.

"Әкімдер вакцина салу қарқынын күшейту керек, бұл әсіресе Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына қатысты. Еңбек ұжымдарында, қызмет көрсету, білім беру саласында міндетті вакциналауды енгізу қажеттігі айқын", - деді премьер-министр үкімет отырысында.

Мамин "қызыл" аймаққа енген өңірлерде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ резервтік инфекциялық орындар дайындалып, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар жеткілікті болуы керек.