Қазақстанда несие алушылардың қатары азайған

0
685

Берілген несиелер саны сәуірден бері бірінші рет қысқарды.


Қазақстанда несие алушылардың қатары азайған

ERNUR.KZ. Биыл қыркүйекте несие беру көлемі тамыз айымен салыстырғанда 11 пайызға азайып, 1,2 трлн теңгені құрады, деп жазады inbusiness.kz.

Берілген несиелер саны сәуірден бері бірінші рет қысқарды. Дәлірек тамыз айымен салыстырғанда 9,5% азайып, 3,8 млн теңге болды. Мұнымен қатар қарыз алушылар саны сәуір айынан бері 2,28 млн адамға дейін қысқарды.

"Тамыз айында 860 млрд теңге, ал қыркүйекте 741 млрд теңге көлемінде кепілсіз тұтынушылық несие берілді. Осылайша жаңа несиелердің, қарыз алушылардың саны және орташа сома азайды. Сондай-ақ автонесие тамыздағы 156 млрд теңгемен салыстырғанда қыркүйекте 144 млрд теңгеге дейін төмендеді", делінген хабарламада.

Тамызда заңды тұлғаларға жаңадан 1,6 трлн теңге, қыркүйекте 1,4 трлн теңге берілді. Несие алушылар саны да 53,8 мыңнан 46 мыңға азайды.

Заңды тұлғаларға берілген несиелердің жалпы портфелі 1 қазандағы жағдай бойынша 24 трлн теңгені құрады.