Қазақстанда парацетамол тапшылығы бар ма – министр жауап берді

0
526

Бұған дейін әлеуметтік желіде бірқатар өңірде парацетамол табылмай жатқаны туралы хабар тарады.


Қазақстанда парацетамол тапшылығы бар ма – министр жауап берді

ERNUR.KZ. Денсаулық министрі Ажар Ғиният парацетамолдың тапшылығына қатысты тарап жатқан ақпаратқа түсініктеме білдірді, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде бірқатар өңірде парацетамол табылмай жатқаны туралы хабар тарады.
Министрдің айтуынша, Павлодар мен Қарағанды облыстарында дәріханада парацематолға қатысты мәселе туындаған. Елде парацетамол бойынша проблема жоқ. Қазақстанда таза парацетамолдың 500 мыңнан астам орамасы бар.
Бұдан бөлек, құрамында парацетамолы бар препараттардың 1,5 миллион орамасы тұр.
"Қазіргі кезде дистрибьюторлармен барлық препаратпен жүйелі және жоспарлы түрде жеткізу бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр ", - деді Ғиният сенат отырысынан кейінгі брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, Украинадан дәрі-дәрмек жеткізу жағынан да ешқандай проблема жоқ.
"Былтыр біз осы мәселені реттеп алдық. Содан биыл кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қажетті препараттардың 90 проценті сатып алынды. Бұл жұмыс жалғасып жатыр", - деп атап көрсетті Ғиният.