Қазақстанда пәтерді жалға алу бағасы өсуі мүмкін

0
1 996

Мамандар биыл импорттық заттарға бағаның өсуіне байланысты баспана бағасы да қымбаттайтынын айтады.


Қазақстанда пәтерді жалға алу бағасы өсуі мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда жылжымайтын мүлікті жалға алу құны 10-20% қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық арнасы.

Елде жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу айналымы былтыр 2,4 есеге өскенмен, арадағы делдалға түсетін пайда азайған. Алайда пәтерін жалға беретіндер 2020 жылы 600 млн теңгеден аса, ғимаратты жалға беретіндер 200 млн теңгеден аса табыс тапқан. Сауда нарығындағы жағдай керісінше. Мұнда кіріс 28,3%-ке дейін төмендеп, небәрі 16,2 млрд теңгеге жеткен. Жалпы өткен жылы тұрғын үй саудасы 2,5 есеге өсті. Мамандар биыл импорттық заттарға бағаның өсуіне байланысты баспана бағасы да қымбаттайтынын айтады. Ал наурыздан бастап жылжымайтын мүлікті жалға алу құны 10-20% -ке дейін қымбаттауы мүмкін.