Қазақстанда педофилдерге кастрация жасаудың жаңа әдісі ұсынылды

0
270

Қазақстанда педофилдерді химиялық кастрациялау түріндегі мәжбүрлеп емдеу тәртібін өзгерту ұсынылды.


Қазақстанда педофилдерге кастрация жасаудың жаңа әдісі ұсынылды

ERNUR.KZ. "Кейбір заңнамалық актілерге, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қарастырылған, деп жазады tengrinews.kz.

Қылмыстық атқару заңнамасын жетілдіру мақсатында сотталып, түрмеде отырған адам қоғамға қауіп төндірмейтін болғандықтан, химиялық кастрацияны бостандыққа шығар алдында бірден бастау керектігі ұсынылды.

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаевтың айтуынша, кастрацияны қолдану әдісі өзгерген жоқ.

"Химиялық кастрация - ерлер гормондарының немесе андрогендердің деңгейін төмендетеді. Сотталған адамның мерзімі аяқталуға алты ай қалғанда мекеме әкімшілігі сотқа сот сараптамасын тағайындау туралы өтініш хат береді. Оның балаларға жыныстық құмарлығы бар-жоғын анықтау үшін психиатриялық сараптама тағайындалады. Егер сараптама мұны анықтаса, онда оның тұрғылықты жерінде химиялық кастрация жасалынады", - деді Аюбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде.