Қазақстанда шетелдік жұмыскерлерге арналған квота 40%-ға қысқартылды

0
628

Бұл қазақстандық кадрларды көбірек жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.


Қазақстанда шетелдік жұмыскерлерге арналған квота 40%-ға қысқартылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген шекті саны 2020 жылға республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 29 292 бірлікті немесе 0,32%-ды құрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Квота 2019 жылы бекітілген санымен (48 700 бірлік) салыстырғанда 40%-ға, оның ішінде 3 санат бойынша (мамандар) 37%-ға және 4 санат бойынша (білікті жұмысшылар) 23%-ға қысқартылды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары 4 санат бойынша шетелдік жұмыскерлерді тартудан толықтай бас тартып, жұмыс берушілердің қажеттілігін жергілікті мамандар есебінен жабуды жоспарлап отыр.

Квотаны қабылдау ішкі еңбек нарығын білікті емес шетелдік жұмыс күшінен қорғауға, қазақстандық кадрларды көбірек жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ жұмыс берушілердің білікті шетелдік жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандырады.