Қазақстанда шомылу маусымы аяқталды

0
600

Жалпы республика бойынша шомылуға рұқсат етілген 612 орын бар.


Қазақстанда шомылу маусымы аяқталды

ERNUR.KZ. Елімізде суға түсу маусымы ресми түрде үш айға созылады – 1 маусымнан 31 тамызға дейін, деп жазады ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жаз мезгілінде ведомствоның құтқарушылары судан 136 адамды құтқарды, оның 51-і – балалар. 177 адам суға батып кетті, оның ішінде 53-і – кәмелетке толмағандар. Өткен 2022 жылғы шомылу маусымында су айдындарында 184 адам көз жұмса, (-4%), соның ішінде 62-сі – кәмелетке толмағандар (-15%).

«Суға батқандардың 98 пайызы жабдықталмаған жағажайларда шомылған. Судағы өлімнің негізгі себептері – өз күштерін асыра бағалау, мас күйде шомылу, жүзе алмау. Ал балалардың суға кетуінің басты себебі – ересектердің оларды қараусыз қалдыруы», - дейді ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Айта кетейік, жалпы республика бойынша шомылуға рұқсат етілген 612 орын бар. 4285 орын суға түсуге қауіпті деп танылып, демалысқа тыйым салынған орындар тізіміне енгізілген.

Тыйым салынған және рұқсат етілген шомылу аймақтары туралы деректер 2GIS платформасында орналастырылған.