Қазақстанда шығарылған медициналық маскалар экспортталады

0
457

Қазір елімізде маска шығаратын компаниялар саны 50-ден асып кетті.


Қазақстанда шығарылған медициналық маскалар экспортталады

ERNUR.KZ. Қазақстанда шығарылған медициналық маскалар биылдан бастап экспортталуы мүмкін, деп жазады 24.kz.

Мұны Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты комитет өкілі мәлімдеді. Нұрлыбек Асылбектің айтуынша, індет өршіген уақытта бізде бар-жоғы 6-ақ компания маска шығарумен айналысқан.

Олардың өнімі ішкі нарықты толық қамтамасыз ете алмады. Сондықтан Қазақстан медициналық бетперделерді сырттан сатып алуға мәжбүр болған. Қазір елімізде маска шығаратын компаниялар саны 50-ден асып кетті.

Олардың өнімі енді қоймаларда құр жатпас үшін экспортқа шығару мәселесін қарастырып жатыр екен.