Қазақстанда су тасқынының зардаптарын жоюға шамамен 73,7 млрд теңге бөлінді

0
203

Сондай-ақ, кейбір кәсіпорындардың қызметкерлері бір күндік жалақыларын су апатының салдарын жоюға аударды.


Қазақстанда су тасқынының зардаптарын жоюға шамамен 73,7 млрд теңге бөлінді

ERNUR.KZ. Қазіргі таңда Қазақстанда су тасқынының зардаптарын жоюға шамамен 73,7 млрд теңге бөлінді, деп жазады sputnik.kz.

Бюджет қаражатынан 33,4 млрд теңгеге жуық, бюджеттен тыс қорлардан 40,3 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.
Ең көп қаражат бөлген компаниялар қатарында:
"Самұрық-Қазына" компаниялар тобы (15 млрд теңге),
"Қазақстан халқына қоры (5 млрд теңге),
"Қазатомөнеркәсіп" (3 млрд теңге),
"ҚазМұнайГаз" ҰК (3 млрд теңге),
"Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" (2 млрд теңге),
"Теңізшевройл" (2 млрд теңге),
"Chevron" (шамамен 1,3 млрд теңге),
"Freedom Holding" (1 млрд теңге),
"Халық банкі" АҚ (1 млрд теңге),
"QazaqGaz" ҰК (1 млрд теңге) бар.
Жоғарыда аталған сомаға кәсіпкерлер мен ел тұрғындарының зардап шеккендерге көмек ретінде жинаған азық-түлік, құрал-жабдықтар, жанар-жағармай және басқа да қажетті заттар кірмейді.
Сондай-ақ, кейбір кәсіпорындардың қызметкерлері бір күндік жалақыларын су апатының салдарын жоюға аударды (Мысалы, Халық банкі – 200 млн теңге, Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлері – 12,2 млн теңге).