Қазақстанда сыра мен шарапты жарнамалауға рұқсат етілмек: Заң жобасы мәжілісте мақұлданды

0
831

Заң жобасына отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша бірқатар түзетулер енгізілген.


Қазақстанда сыра мен шарапты жарнамалауға рұқсат етілмек: Заң жобасы мәжілісте мақұлданды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары қазақстандық сыра мен шарапты жарнамалауға мүмкіндік беретін ақпараттық мәселелер туралы заң жобасын мақұлдады, деп жазады Stan.kz.

Заң жобасымен "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", "Жарнама туралы", "Телерадио хабарлары туралы", "Ақпаратқа қол жеткізу туралы", "Ақпараттандыру туралы" заңдарға түзетулер ұсынылады.

Аида Балаева бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпкерлердің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерінің тепе-теңдігін ескере отырып, отандық сыра мен шараптың тауарлық белгісі мен атауына тыйым салуды алып тастау ұсынылып отырғанын түсіндірді. Министрдің айтуынша, мұндай норма отандық өнімдердің нарықтағы үлесінің артуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, заң жобасына отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша бірқатар түзетулер енгізілген.


"Мемлекеттік ақпараттық саясаттың бірыңғай жүйесін құру. Бұл үшін салалық басқармаға республикалық және аймақтық деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орналастырудың бірыңғай тәртібін анықтауға өкілеттік беріледі", - деді министр.


Заң жобасына енгізілген түзетулер мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру жөніндегі республикалық және аймақтық комиссиялардың мәртебесін бекітеді.