Қазақстанда тағы бір партия тіркелді

0
497

Қазақстанда тағы бір саяси партия – Республика партиясы тіркелді.


Қазақстанда тағы бір партия тіркелді

ERNUR.KZ. Бұл туралы әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Қазіргі таңда Байтақ партиясы және Республика партиясы тіркелді. Басқа партиялармен жұмыс жалғасып жатыр. Олар бірінші сатыдан өте алмай жатыр. Себеп бұрынғыдай, тапсырған құжаттары заңға сәйкес келмейді", - деді Мусин парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

Осы орайда журналистер жаңадан тіркелген екі партия алдағы парламент сайлауына қатыса ала ма деп сұрады.

"Олар барлық құқыққа ие толыққанды тіркелген саяси партия", - деп жауап берді министр.
Мусиннің айтуынша, жаңа партиялар бір ай бұрын тіркелген.