Қазақстанда такси қызметінің табысы бес жылдық рекордты жаңартты

0
661

2017 және 2020 жылдары такси қызметтері кірістерінен қағылса, 2019 және 2021 жылдары табыс екі есе артты.


Қазақстанда такси қызметінің табысы бес жылдық рекордты жаңартты

ERNUR.KZ. Өткен жыл жеке тасымалдаумен айналысатын такси қызметі үшін табысты жыл болды. Компаниялар мен жеке кәсіпкерлердің кірістері 4,3 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл 2016 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп жазады ulysmedia.kz.

ҚР Ұлттық статистика бюросынан алынған ақпарат бойынша, өткен жылы ввтомобиль және электр көлігінің барлық түрлері бойынша кірістердің өсуі байқалды (23% - дан 35% - ға дейін). Такси табысы 417% - дан асқан жолаушылар көлігінің жалғыз түрі болды.

Табыстың артуын клиенттердің көбеюі, сапарлар немесе жүріп өткен шақырымдардың артуымен түсіндіруге болмайды. Статистикалық мәліметтер бойынша, 2021 жылы такси жолаушыларының саны 2,46 млрд. құрады, бұл пандемия болған алғашқы жылдан 2%-ға аз. Өткен жылы жолаушылар айналымы 5%-ға ғана артты. Табыстың артуы қызмет түрінің қымбаттауына байланысты болса керек.

Соңғы бес жылда бұл салада динамика тұрақсыз болды. 2017 және 2020 жылдары такси қызметтері кірістерінен қағылса, 2019 және 2021 жылдары табыс екі есе артты.