Қазақстанда тұңғыш рет Нұрпрезидент есімі тіркелді

0
1 928

Облыстық перинаталдық орталықта Нұрпрезидент есімді бала дүниеге келген


Қазақстанда тұңғыш рет Нұрпрезидент есімі тіркелді
фото: detki.co.il

ERNUR.KZ. Қызылордада туған балаға Нұрпрезидент есімі берілді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Наурыз айында облыстық перинаталдық орталықта Нұрпрезидент есімді бала дүниеге келген. Туу туралы куәліктің суреті әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Бұл мәліметті Қызылорданың азаматтық жағдай актілері тіркеу бөлімінің өкілдері растады.

"Иә, расында да Нұрпрезидент есімді бала дүниеге келді. Отбасындағы екінші бала. Ата-анасы Қызылорда облысында тұрады. Ата-анасы 26 жаста", - деді Қызылорданың азаматтық жағдай актілері тіркеу бөліміндегілер.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері мұндай сирек есімнің алғаш рет тіркелгенін айтып өтті.