Қазақстанда үкімет аппараты пайда болды: Тоқаев құжатқа қол қойды

0
1 094

Республика үкіметіне осы қаулыны іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу тапсырылды.


Қазақстанда үкімет аппараты пайда болды: Тоқаев құжатқа қол қойды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды, деп жазады Stan.kz.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

“Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) болып қайта құрылсын”, – делінген Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Құжатта Үкіметтің аппараты мемлекеттік орган ретінде төмендегі қызметтерді атқаратыны жазылған:

1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді;

2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін.

2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты;".

Республика үкіметіне осы қаулыны іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу тапсырылды. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелді. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.