Қазақстанда ұн өндірісі 3,7% өсті

0
578

Бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісінің орташа бағасы 225 теңгені құрайды.


Қазақстанда ұн өндірісі 3,7% өсті

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде елімізде 1,7 млн тонна ұн өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7% артық (2022 жылғы қаңтар-шілде – 1,6 млн тонна).

Импорт үлесіне ұнның 1,4%-ы тиесілі, елге аталған өнімнің 24,2 мың тоннасы әкелінді. Импорт көлемі жеті айда 1,1% өсті.

Биылғы қаңтар-шілде айларында экспортқа 1 млн тоннадан астам ұн жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7% артық.

Ішкі нарықта барлығы 716 мың тонна өнім сатылды, өткен жылмен салыстырғанда бұл 5,1% аз.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісінің орташа бағасы 225 теңгені құрайды.