Қазақстанда жалға берілетін пәтер бағасы арзандап жатыр

0
592

Жалға беру нарығындағы бағаның төмендеу тенденциясы жалғасып жатыр.


Қазақстанда жалға берілетін пәтер бағасы арзандап жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстанда тұрғын үйді жалға беру нарығында бағаның төмендеу тенденциясы байқалып отыр, алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда баға 2,5%-ға төмендеген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ұлттық статистика бюросысы мәлім еткендей, бір айдың ішінде (2023 жылғы қаңтар 2022 жылғы желтоқсанға) жаңа тұрғын үйді сату бағасы – 0,7%, қолданыстағы пәтерлер саудасындағы баға 0,3% өскен.

«Бір жыл ішінде қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағаcы – 18,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қаңтарда 34,3% артты», - дейді мамандар.

Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтерлер нарығында жылдық мәнде баға едәуір Ақтау – 28,2%, Ақтөбе – 25,4%, Петропавл – 20,9% қалаларында өсті. Қолданыстағы пәтерлер саудасы нарығында Семей (46,8%), Қызылорда (38,8%), Ақтөбе (37,3%), Ақтау (35,4%), Талдықорған (32,9%), Қостанай (31%) қалалары көп бастап тұр, ал тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%), Алматы қалаларында (50,7%) жоғары өсім көрсеткен.