Қазақстанда жаңа мереке - Радио қызметкерлері күні пайда болады

0
675

Президент БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады.


Қазақстанда жаңа мереке - Радио қызметкерлері күні пайда болады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы кезінде 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн екенін айтты, деп жазады baq.kz.

Тоқаевтың айтуынша, соңғы кезде радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екені жиі айтылып жүр.

"Мен Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн деп санаймын. Еліміз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында өсіп-өркендей түссін! Журналистер жағымды жаңалығымен жұртшылықты қуанта берсін! Баршаңызға шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін! Мереке құтты болсын!", - деді Президент.
Бұған дейін Президент Мемлекетшілдік құндылықты дәріптеп, жасампаздық пен жақсылықтың жаршысы болып жүрген БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, отандық тележурналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар БАҚ өкілі мен шығармашылық ұжымдарға арнайы сыйлық беріп, гранттар табыстап, алғысын жариялаған болатын.