Қазақстанда жаңа оқу жылы мен каникул мерзімі анықталды

0
1 019

2021-2022 оқу жылы 1 қыркүйекте басталады.


Қазақстанда жаңа оқу жылы мен каникул мерзімі анықталды

Қазақстанда жаңа оқу жылының басталуы мен каникул датасы бекітілді. Бұйрыққа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құжатта 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдерінің мерзімдері айқындалды.

  • 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылдың 1 қыркүйегі;
  • оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсаны мен 2022 жылдың 9 қаңтары аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы аралығында);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпаны аралығында).

Бұйрық 2021 жылдың 9 тамызынан күшіне енеді.