Қазақстанда жас жұбайларға міндетті курстар ұйымдастыруды ұсынды

0
1 902

Ұсыныс үкіметке жіберіледі. Сосын нақты шешім қабылданады.


Қазақстанда жас жұбайларға міндетті курстар ұйымдастыруды ұсынды

ERNUR.KZ. Парламенттік тыңдауға қатысушылар жас жұбайларға міндетті курстар ұйымдастыруды ұсынды, деп жазады Stan.kz.

Сенаторлар отбасын құруды жоспарлаған азаматтар алдымен психологтармен жұмыс істеуі керек деп санайды.

Курстарда ұлттық дәстүрлерге негізделген отбасылық құндылықтар туралы әңгімелесуді, сондай-ақ отбасындағы міндеттерді бөлуді үйретеді.

Жоба авторлары мұның бәрі жанұяны нығайтуға көмектесетініне сенімді.

Ұсыныс үкіметке жіберіледі. Сосын нақты шешім қабылданады.

Тәуелсіздік алғаннан бері жыл сайын елімізде орта есеппен 140 000 неке тіркеледі. 30 жыл ішінде 9 млн-нан астам қазақстандық дүниеге келді. Былтыр туудың рекорды тіркелді - шамамен 500 000 адам.