​Қазақстанда жеңілдетілген автонесиенің қолданыстағы бағдарламасы аталды

0
2 335

Бөлінген қаражаттың жалпы көлемі – 82 миллиард теңге.


​Қазақстанда жеңілдетілген автонесиенің қолданыстағы бағдарламасы аталды
ERNUR.KZ. Қазақстандағы төрт пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтылдыдеп жазады Stan.kz.


Қазақстанның даму банкі жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттың жалпы көлемі – 82 миллиард теңге.


Жеке тұлғаларға отандық автокөліктерді сатып алуға несие берудің шарттары мынадай:

  • номинал пайыздық мөлшерлеме жылдық 4 пайыздан аспайды, ал жылдық тиімді мөлшерлеме (сақтандыру шығындары мен көлік құралдарын кепілге қоюды қоса алғанда) 7,5 пайыздан аспауы керек;
  • кредит мерзімі 7 жылдан аспайды, кредит валютасы - теңге, жеңіл автокөлік құны 15 миллион теңгеден аспайды.


Бағдарлама 2035 жылға дейін револьверлік негізде жұмыс істейтіні атап өтілді.

"2023 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша, екінші деңгейлі банктер отандық автоөндірушілерден көлік сатып алуға жалпы сомасы 88 миллиард 279 миллион теңгеге 17 мың 199 несие берді", - делінген хабарламада.

2023 жылы бес қазақстандық екінші деңгейлі банк автонесие берді.


Еске салайық, бұған дейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы өзгеретіні белгілі болған еді. Енді ол автобустар сатып алу үшін өңірлерге несие беру бағдарламасы болмақ.


"Жеңілдетілген автокредит беруге бөлінген 100 миллиард теңгенің барлығы игерілді. Жыл басынан бері бізде осы қаражатты одан әрі дамыту, пайдалану міндеті тұрды. Негізгі қажеттіліктерді зерттедік. Өңірлерге барған кезде автобустармен жабдықтау мәселесі жиі қозғалды. Бүгінде қалалық тасымалдаушы автобустардың 46 пайызы ескірген. Біз жергілікті атқарушы органдармен кеңесіп, қажеттіліктерді анықтадық. Бүгін екі мың автобусқа өтініш берілді. Олардың жартысы Алматы қаласының әкімдігінен келді, онда тапшылық жоғары деңгейде екені байқалады ",- деп хабарлады биылғы жылдың жазында индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министр.