Қазақстандағы импорт тауардың көбі Қытай мен Ресейден келеді

0
345

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 139 833,4 млн долларды құрады.


Қазақстандағы импорт тауардың көбі Қытай мен Ресейден келеді

ERNUR.KZ. Өткен жылы Қазақстанның тауар айналымы 139,8 млрд доллар болды, деп жазады inform.kz.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 139 833,4 млн долларды құрады.

Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 3,2% артық.

Оның ішінде:

Экспорт – 78,6 млрд доллар (7% аз)
Импорт – 61,1 млрд доллар (20,1% көп)

Негізгі серіктес елдер

Экспорт бойынша
Италия – 18,9%
Қытай – 18,7%
Ресей – 12,4%
Нидерланд – 5,2%
Түркия – 5%
Корея Республикасы – 4,8%

Импорт бойынша
Қытай – 27,4%
Ресей – 26,5%
Германия – 5,2%
АҚШ – 4,2%
Корея Республикасы – 3,6%
Түркия – 3,3%