Қазақстанды көруге келген туристер саны артқан

0
1 582

2​018 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сырттан келушілер туризмі 10 пайызға және ішкі туризм 5 пайызға өсті.


Қазақстанды көруге келген туристер саны артқан

Иллюстрияциялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден

ERNUR.KZ Келтірілген мәліметтерді Kazakh Tourism ҰК АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Деректер бойынша, 2018 жылы Қазақстанға 8 488,3 мың адам келген, бұл 2017 жылға қарағанда 10,2 пайызға жоғары және 2015 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда өсім 32 пайызды құрады. БАӘ (50 пайыз), Үндістан (49 пайыз), Малайзия (44 пайыз), Гонконг (22 пайыз), Польша (16 пайыз), Оңтүстік Корея (15 пайыз) және АҚШ (5,8 пайыз) секілді елдерден келушілер саны артқаны байқалады. Сонымен қатар, Германия, Ұлыбритания және басқа да бірқатар елдердің азаматтарының келу көрсеткіші бастапқы деңгейде сақталған. Президенттің 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауында ел туризмін дамыту бойынша жекелеген салалық мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

Kazakh Tourism басқарма төрағасы Рашид Күзембаевтың айтуынша, бағдарлама аяқталу сатысында тұр және алдағы 3-4 ай ішінде бағдарлама толықтай дайын болады. Бұдан өзге, туризм бойынша заң жобасы әзірленді, ол да келісу сатысында тұр және жарты жыл ішінде ҚР Парламентіне ұсынылады.

Айта кетейік, Елбасының бұдан өзге маркетингтік коммуникация тиімділігін арттыру үшін көрсеткен үздік басым туристік аумақтарды ілгерілетуге аса көңіл бөлінеді, олар: Алматы тау кластері, Астана, Щучинск–Бурабай шипажай аймағы, Түркістан, Алакөл, Маңғыстау, Баянауыл, Балқаш және Шалқар–Имантау курорттық аймағы. Өткен жылы Мәдениет және спорт министрлігі "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ-мен және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстанның туристификация картасын қалыптастыру мен аса маңызды туристік нысандарды іріктеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді, оған жұмыс қорытындысы бойынша 60 нысан мен бағыт кірді. Нысанның туристік магнит ретіндегі бірегейлігі мен туристер ағынын арттыру әлеуетінің болуы іріктеу белгілері болды. Бұған қоса, олардың тарихи-мәдени маңызы ескерілді. Бұл нысандар арасында республикалық ауқымдағы үздік 10-ына басымдық берілді, олар туристер ағынын түбегейлі арттырып, туризмнің экономикаға тигізер үлесін ұлғайтады.